Павлодарлық оқушы мұғалімі мен сыныптасына пышақ сұғып алған

13 мамыр, 2024 / Меруерт Сағымхан
polisia.kz
Қылмыстық іс қозғалды.

Павлодарда оқушы мұғалімі мен сыныптасына пышақ сұққан, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сыныптасына, сондай-ақ мұғалімге пышақ салған Павлодар қаласының мектеп оқушысы ұсталды.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. 

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Тэгтер:

Полиция мұғалім оқушы Павлодар сыныптас пшақ