Жаңалықтар

20 жыл іздеуде жүрген азамат Астанада үйдің шатырынан табылды

РИА Новости/Вадим Жернов.

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Елордалық полиция 20 жыл іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады.

«Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешілуде.