Қазақстан азаматына Лондонда кісі өлтірді деген айып тағылды
37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтап тастаған.
Қазақстан азаматы Лондонда кісі өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтап тастаған. Оған 7 мамырда Темза сотында кісі өлтірді деген айып тағылып, 10 мамырда қамауға алынған.
«Полицияға 6 мамыр кешкі сағат 21:00 кезінде Кренстон Гарденс, Е4 мекен-жайы бойынша ер адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабар келеді. Өкінішке қарай 42 жастағы азамат оқиға орнында қансырап қаза тапты», - делінген The standard таратқан хабарламада.
Баймолдамен бірге 33 жастағы әйел ұсталған. Ол тергеу біткенше кепілмен босатылған. Қазақстан азаматы 2023 жылы Ұлыбританияға маусымдық жұмыс істеуге барған.