Жаңалықтар

Ұлыбританияның ЕО құрамынан қашан шығатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Ұлыбританияның ЕО құрамынан қашан шығатыны белгілі болды

Ұлыбритания Еуроодақтан қашан шығатыны белгілі болды. Би-би-си телехабар тарату компаниясының эфирінде британияның Brexit мәселелері бойынша министрі Дэвид Дэвис Лондон одақ құрамынан кетуді наурыз айында кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.  «Бұған 2019 жылдың наурыз айында куә боласыздар»,- деді министр жүргізушінің Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан қашан шығады деген сауалына жауап бере келе. Дэвис сонымен қатар Ұлыбританияның Еуроодақ құрамына шығуына байланысты Лондон мен Брюссель арасындағы келіссөздердің өте күрделі болатындығын айтты. «Келіссіздер күрделі, алайда тараптардың мүдделеріне сай болады»,-деді ол.