Шымкентте өндірістік цех өртеніп кетті

13 мамыр, 2024 / Анель Жарылғасын
скриншот
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Азат шағынауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін бір қабатты цехта шатыр мен жабдықтар өртенді.

"Еңбекші ауданының Азат шағынауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін бір қабатты цехта шатыр мен жабдықтар өртенді. Өрт сөндірушілер 1248 шаршы метр аудандағы өртті сөндіріп, өрттің ғимараттың 2500 шаршы метр бүкіл ауданына таралуына жол бермеді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

 

Тэгтер:

Шымкент өндіріс цех