Спорт

Қазақстандық көркем гимнастшылар Португалиядағы турнирде жүлделі орын алды

Olympic.kz

Жекелеген жаттығулар бойынша өткен финалда екі спортшымыз да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшелері Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова Португалияда өткен «Шақырту кубогінде» жүлделі орыннан көрінді. Бұл туралы Olympic.kz жазды. 

Көпсайыс қорытындысы бойынша Парфилова 5, Жайлауова 7-орыннан көрінді.

Ал жекелеген жаттығулар бойынша өткен финалда екі спортшымыз да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Атап айтар болсақ, Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда күміс, таспамен жаттығуда қола жүлдегер атанды.

Эрика Жайлауова доп жаттығуында күміс алса, шығыршықпен жаттығуда 4-орынға табан тіреді.

Ал Қазақстан командасының үздіктері Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы алдағы әлем кубогі кезеңдеріне дайындалып жатыр.