Жамбыл облысында саңырауқұлақ теруге шыққан әйел адам жоғалып кеткен

12 мамыр, 2024 / Ақмарал Берекет
Видеодан алынған кадр
Саңырауқұлақ теруші 4 сағаттан кейін табылды

Жамбыл облысының Жуалы ауданында 1964 жылы туған әйел адам таулы жерде жоғалып кетті, деп жазады turkystan.kz.

Әйел адам саңырауқұлақ теруге шыққан болатын. 

ТЖД қызметкерлері іздеуге шығып, оны 4 сағаттан кейін тапты. Саңырауқұлақ терушіге медициналық көмек қажет болмады.

Тэгтер:

Жамбыл облысы әйел адам