Жаңалықтар

Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

freepik

Ертең ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" 13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Алматы облысының және Алматы қаласының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз облыстың батысында екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының түнде солтүстік жартысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстікке ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың қиыр оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 13 мамырда түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 

Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 13 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі, Қазалы ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде 23-28 м/с болады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.