Ауғанстанда су тасқынынан қаза болғандар саны 300-ге жетті
Зардап шеккен аймақтарға азық-түлік және басқа да көмектері бар құтқару топтары жіберілген
Ауғанстанда нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан жүздеген адам қаза болды, деп жазады turkystan.kz.
Табиғи апаттарды басқару министрлігінің Талибан өкілінің айтуынша, су тасқыны Кабулға да әсер етті. Оның айтуынша, зардап шеккен аймақтарға азық-түлік және басқа да көмектері бар құтқару топтары жіберілген.
Сәуірде толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны ел бойынша кем дегенде 70 адамның өмірін қиды.