Жаңалықтар

32 градус ыстық: демалыс күндері ауа райы қандай болады

pexels.com

Оңтүстік және шығыста ауа райы тұрақсыз болады

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп жазады turkystan.kz.

Алдағы үш күнде едіміздің батысында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, орталық аймақтарда күн жылып, ауа температурасы 22-27 градус болады. Өткінші жауын жаууы мүмкін.

Оңтүстік және шығыста ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, бұршақ жауады, қатты жел болады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін жоғарылайды.