Елімізде алғаш рет Аналар күні тойланып жатыр
Бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғаш рет атап өтілуде
Мереке мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елінде тойланады. 2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғаш рет атап өтілуде, деп жазады turkystan.kz.
Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.