Жаңалықтар

Бүгін үш облыста үсік жүреді – Қазгидромет

sputnik.kz

12 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» ел аумағында 12 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп жазады turkystan.kz.

Атмосфералық фронталды бөліктер ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, Алматы облысының таулы жерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады.

Республикамыздың солтүстігінде, орталығында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, батысында, оңтүстік-шығысында дауыл, бұршақ, батысында, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, шығысында, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Дерекке қарағанда, түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі.