Жетісу облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
5 жолаушы облыстық ауруханаға жатқызылды
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты 10 мамырда болды. Tоyota Estima және Lexus ES 300 көліктері Алматы-Өскемен тасжолының 327-шақырымында соқтығысқан.
Tоyota Estima көлік жүргізушісі сол жақтан басып озып, солға бұрылып келе жатқан Lexus ES 300 көлігіне соғылған, - деп жазылған хабарламада.
Tоyota Estima көлігінің жүргізушісі қаза тапты. 5 жолаушы облыстық ауруханаға жатқызылды. Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өңір полициясы жүргізушілерді ҚР Жол ережелерін ескеріп, жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.