Спорт

Бақытжан Абдурахманов Grand Slam турнирінің қола жүлдесін иеленді

Қазақстан дзюдо федерациясы

Ол қарсыласын жеңіп, 500 рейтингілік ұпайға ие болды

Бақытжан Абдурахманов дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдесін еншіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде ирландиялық Джошуа Гринмен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын жеңіп, 500 рейтингілік ұпайға ие болды.