Жаңалықтар

Ақтау қаласында көпқабатты үйдің жанынан әйел адамның мәйіті табылды

Lada.kz

Қазір учаскелік инспектор үйлерді аралап тексеріп жүр

Ақтау қаласында көпқабатты үйдің жанынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

№24 үйдің тұрғындары бүгін сағат 09:00 шамасында әйел адамның мәйітін байқаған.

Тұрғындардың айтуынша, әйел шамамен 50 жаста. Ол бұл ғимаратта тұрмаған, тұрғындар оны бірінші рет көріп тұр.

Өлімнің себебі әлі белгісіз. Оқиға орнында қан ізі жоқ. Қазір учаскелік инспектор үйлерді аралап тексеріп жүр.