Спорт

Қазақстандық зейнеткер Парижге велосипедпен аттанды

24.kz

Бұл оның алғашқы ұзақ қашықтыққа велошеруі емес

Велосипедші Раббим Борашев Парижге аттанды, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Бейнеу ауылының зейнеткері Францияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына жанкүйер болуға бел буған. Ақтаудан Бакуге ұшақпен ұшып келген ол сол жерде велосипедке ауысып, жолға шыққан. Қазір зейнеткер Стамбул, Будапешт, Вена және Мюнхен арқылы өтетін жолмен Тбилиси – Батуми тас жолы бойымен қозғалуда. Жоспар бойынша кем дегенде бес мың шақырымды бағындыру көзделген.

Раббим Борашев – құрылыс саласының ардагері. Бұл оның алғашқы ұзақ қашықтыққа велошеруі емес. Бұрын ол Алтайға дейін жеткен.