Жылқының құтқарылуын тамашалаған ғаламтор пайдаланушылары оған алаңдаушылық білдірген және жануарға Карамело деген лақап ат қойып үлгерген, деп жазды turkystan.kz.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, қатты су тасқынынан Бразилия 100-ден астам адам қаза тапқан. Сондай-ақ елдің оңтүстігінде бір үйдің төбесіндегі жылқыны журналистер тікұшақта келе жатып камераға түсіріп алған. Видео желіде тез тарап кетті.
Құтқару операциясына қатысқан Сан-Паулу өрт сөндірушілерінің айтуынша, жануар әлсіреп қалған. Мал дәрігерлері шатырға шығып, атты тыныштандырып, арнайы жадықтармен құрғақ аймаққа шығарған.
Құтқару операциясы теледидардан тікелей эфирде көрсетілді. Карамело жергілікті университеттегі ветеринарлық клиникаға жеткізілген.