Спорт

Елдос Сметов Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды

Сурет: www.sports.kz

Елдос Сметовқа үшінші орын үшін әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады.

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Елдос Сметов қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

«Үлкен дулыға» бәсекесінде Елдос Сметов қола жүлде үшін таласта Әзербайжан спортшысы Ахмад Юсуфовты таза ұтты.

Бұған дейін жерлесіміз соңғы рет 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдесін алған еді.