Жаңалықтар

Павлодар облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды

almaty.tv

Өрт сөндірушілер келгенге дейін газ баллоны жарылған болатын.

Павлодар ауданында әйел адам өз үйінде тірідей жанып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 мамырда сағат 19:13-те «101» пультіне Павлодар ауданының Набережное ауылында жеке үйдің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.  

«Екі бөлмелі қамыстан қаланған жеке үйдің ішінде үй заттары, жиһаз жанған. Сондай-ақ, шатыр жартылай қираған. Өрттің көлемі 50 шаршы метрді құрады. Үйдің ішінен 1974 жылы туған үй иесінің күйіп кеткен денесі табылды»,– деді департаментте.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін газ баллоны жарылған болатын. Олар екінші газ баллонды шығарып үлгерді және оның жарылуына жол бермеді.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, өрт сағат 21:55-те жойылды. Барлығы 4 техника мен жеке құрамның 10 қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, Чернорецк ауылынан өрт сөндіру бекеті тартылды. Оқиға орнында «102», «103» қызметтері жұмыс істеді. Өрттің себебі мен залалы анықталуда.