Мұрат Нұртілеу Әзербайжанның Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Министр Д.Байрамов қазақстандық тарапқа Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты бейбітшілік процесін ілгерілетудегі қолдауы үшін алғысын айтты.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар қазақ-әзербайжан стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірдегі ағымдағы ахуал бойынша пікір алмасты.
Сұхбаттастар тауар айналымы мен транзиттік-көліктік әлеует көлемін ұлғайту жөнінде пікір алмасты.
Қазіргі жағдай туралы айта келе, министр Д.Байрамов қазақстандық тарапқа Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты бейбітшілік процесін ілгерілету бағытындағы қолдауы мен белсенділігі үшін алғысын айтты. Бүгінгі келіссөздер осы процеске өз үлесін қосатынына сенім білдірілді.