Елордада жүгіруден «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтеді

10 мамыр, 2024 / Дана Ізтілеуова
Қатысушылар арасында Samsung Galaxy S 24 смартфондары және тағы басқа бағалы сыйлықтар ойнатылады

18 мамырда Астанада жыл сайын жүгіруден өтетін «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтеді.

Жиналған қаражат «Болашақ» қорының www.bolashakcharity.kz «Әр бала мектепке баруға лайықты» бағдарламасы аясында аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларды қолдауға бағытталады.

Жүгіру марафонына кәсіби спортшылар, жүгірушілер, блогерлер, БАҚ өкілдері, ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың ата-аналары қатыса алады.

Жүгіру марафоны төрт қашықтықта өткізіледі.

•          1 км – 5 990 теңге.

•          2,5 км – 6 990 теңге.

•          5 км – 7 990 теңге.

•          10 км – 8 990 теңге.

Қатысу шарттары:

Іс-шара аясында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізіледі.

Сонымен қатар қатысушылар арасында Samsung Galaxy S 24 смартфондары, «Argymaq» премиалды брендінен құны 250 000 теңге сертификаттар, «Coffee Day» әлемдік кофеханалар желісінен құны 15 000 теңге және 20 000 теңге сертификаттар, «Templ» фитнесс орталығынан жылдық абонемент және тағы басқа бағалы жүлделер ұтысы өткізіледі.

Өтетін орны мен күні: Астана қ. Триатлон паркі 2024 жылғы 18 мамыр. Марафон сағат 08:00-де басталады.

Қашықтықтар бойынша марафонға тіркелу: https://runforautism.kz/sign-in 

«Көңілді старттар» эстафетасына тіркелу:

https://forms.gle/TYDwPw39WFpATLMZ7   

Тэгтер:

ерекше балалар аутизм «Run for autism» қайырымдылық марафоны жүгіру