Шымкентте сәбидің денесін қорапшаға салып, тастап кеткен әйел ұсталды

10 мамыр, 2024 / Меруерт Сағымхан
orda.kz
Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында орын алды.

Шымкентте шала туған нәрестенің денесін қорапқа салып, аурухананың алдына қалдырып кеткен әйел ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында орын алды. Белгісіз әйел №2 Облыстық перинаталдық орталыққа келіп, шала туылған нәрестенің денесін қорапта қалдырып кеткен.

«Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті.

Тэгтер:

Шымкент Аурухана Полиция сәбидің денесі қорапша