Qazaqstan Barysy Grand Slam: дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды
Алғашқы жарыс күні ерлер -60 және -66 кг дейінгі, ал әйелдер -48, -52, -57 кг дейінгі салмақта үздіктерді анықтайды.
Астанада өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысындағы қазақстандық татами шеберлерінің алғашқы қарсыластары анықталды.
Алғашқы жарыс күні ерлер -60 және -66 кг дейінгі, ал әйелдер -48, -52, -57 кг дейінгі салмақта үздіктерді анықтайды.
Қазақстан дзюдодошыларының алғашқы белдесудегі қарсыластары мынадай:
-60 кг: Елдос Сметов - Родриго Коста Лопес (Португалия) Мағжан Шамшадин - Нәзір Талибов (Әзірбайжан) / Джонатан Чарон (Куба) Шерзод Давлатов - Мендсайхан Ниамсурен (Моңғолия) Дәурен Суюкенов - Ахмад Юсифов (Әзербайжан)
-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев - Оскар Пертелсон (Эстония) Жанарыс Рахметқали - Томас Джаффар (Франция) Есет Қуанов - Матан Коколаев (Израиль) Нұрсұлтан Зайзағалиев - Мұхаммед Демирель (Түркия)
-48 кг: Ғалия Тынбаева - Омайма Бедиоу (Тунис) Диана Буркеева - Една Каррийо (Мексика) Жібек Жақсыбай - Лейла Алиева (Әзербайжан) Алира Шегелекова - Катарина Танзер (Аустрия)
-52 кг: Толғанай Әбеуова - Фабиенне Кочер (Швейцария) Алима Жұмағалиева - Марина Диес Кастейо (Испания) Балнұр Әбдешова - Сита Кадамбоева (Өзбекстан) Аружан Ережепова - Александра Калета (Польша)
-57 кг: Бақыт Құсақбаева - Арлета Подолак (Польша) Дана Әбдірова - Майса Пардаева (Түркменстан) Ұлдана Усейн - Джайон Эквисоайн (Испания) Дина Мұханбет - Фидан Ализада (Әзірбайжан).
Бұл бәсекенің нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді.
Атап айтқанда, І орын үшін 1 000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептеледі. Байрақты дода 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңындағы соңғы лицензиялық Grand Slam жарысы болмақ.