Павлодарда төрт жастағы қыз 5-қабаттан құлап кетті
Балаға жабық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылғанын нақтыланды.
Төрт жастағы қыз бала 5-қабаттан құлап, бас жарақатын алды. Оқыс жағдай 9 мамырда күндіз Павлодарда болған.
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 9 мамыр сағат 14.50-де түскен. Биіктен құлағанын ескерген бірінші санатты жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен.
Зардап шеккен төрт жасар қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы балаға жабық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылғанын нақтылады. Қыз қазір травматология бөлімінде жатыр, жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.