Жаңалықтар

Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті

Суға батқан адам бір тәуліктен бері табылмай жатыр.

Суға батып кеткен азамат әлі де іздестіріліп жатыр, деп хабарлады

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 8 мамыр күні 23:25-те Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен. 

9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Іздестіру жұмыстарына су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындық тудырып отыр. 

Таң атқанда сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады.