Көкшетауда көшеде тұрған контейнер өртеніп кетті
Қызыл жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған.
Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин көшесінде жеке тұрған контейнер отқа оранды. Оқиға 9 мамыр сағат 17.29-де болған, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 7 құтқарушы және 1 техника жөнелтілген.
Өрт сағат 17.37-де оқшауланып, сағат 17.46-де толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.