Жаңалықтар

80 млн оқырманы бар әзілқой блогер қазақ тіліндегі жарнаманы жариялады (ВИДЕО)

коллаж: turkystan.kz

Қазіргі уақытта бұл бейнежазба Instagram-да 20 миллионға жуық қаралым жинап үлгерген.

Блогер Хаби Лейм Қазақстандық таэквондо секциясының жарнамасын пайдалана отырып өте қызықты әрі тартымды бейнеролик құрастырды. Ол өзі монтаждаған видеода автордың сөздерін өзгертпей, тек кадрға өзін қосқан, деп жазды turkystan.kz.

Қазақстандық таэквондистердің бейнеролигінде жас жігіт оператор алдында ата-аналарды өз балаларын секцияға тіркеуге шақырып тұрады. Сондай-ақ ол мұнда балаларға еш қауіп төнбейтінін де атап өтеді. Алайда дәл осы сәтте кадрдың артқы жағында жаттығу жасап жатқан балалардың біреуі басына тиген соққыдан оңбай құлайды. Бұл бейнежазба авторларының арнайы ұйымдастырған әрекеті болатын. Хаби Леймге жарнаманың осы тұсы ұнап қалған. Сондықтан бейнежазбаға өзін оператор ретінде қосқан және кадр сыртындағы әрекеттерге экспрессивті мимикамен қараған.

Айта кетейік, итальяндық блогер қарапайым тапсырмаларды еш себепсіз қиындататын адамдарды мазақ ететін видео түсіру арқылы танылған болатын.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Khabane Lame (@khaby00)