Каратэ: Ұлттық құрама 39 алтын медальмен жалпы есепте топ жарды
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 39 алтын, 30 күміс, 47 қола медаль жеңіп, жалпы есепте 1-орынға ие болды
4-6 мамыр аралығында Өзбекстанның Самарқан қаласында WKF каратэден орталық Азия елдерінің чемпионаты өтті, деп жазады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Жарысқа 10 жастан бастап ересектерге дейін ката және кумитэ бағдарламасында барлығы 7 елден 1000-ға жуық спортшы қатысты. Қазақстан атынан спортшы, жаттықтырушы мен төрешілерді қосқанда барлығы 400-ге жуық адам болды. Сонымен қатар еліміздің бірқатар төрешілері емтихан тапсырып, өз шеберлігін шыңдады.
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 39 алтын, 30 күміс, 47 қола медаль жеңіп, жалпы есепте 1-орынға ие болды.