Ішінде оқушылар болған: Түркістан облысында «Газель» өртеніп кетті

8 мамыр, 2024 / Ақмарал Берекет
ТЖД
Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан

Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шымкент-Самара» автожолында 16 оқушы мен бір жүргізуші болған газельді өрт толығымен шарпыды. Жолаушылар көліктен шығып үлгерген. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан, - делінген хабарламада. 

Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.

Тэгтер:

Түркістан облысы оқиға өрт