Жел, жаңбыр, бұршақ: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы
Бүгін ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгін оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне найзағайлы жаңбыр, батысқа қатты жаңбыр, бұршақ алып келеді. Тек еліміздің солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ел аумағы бойынша желдің күшеюі, батысы мен оңтүстігінде дауыл, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.