Димаш Құдайберген байқаудың 9-кезеңінде 2-орын алды

Димаш Құдайберген байқаудың 9-кезеңінде 2-орын алды

Димаш Құдайберген байқаудың 9-кезеңінде 2-орын алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer2017» ән байқауының тоғызыншы кезеңінде екінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Димаш бұл кезеңде екінші болып өнер көрсетіп, әлемдік хит «All by Myself» әнін орындады. Тоғызыншы кезеңнің қортындысы: 1.    Линь Чжисюань 2.    Димаш Құдайберген 3.    Lion тобы 4.    Sandy 5.    Ли Цзянь 6.    Лян бо 7.    Пэн Джияхуэй 8.    Чжан Цзе Айта кетейік, байқаудың финалына тек бір кезең қалды. Ал жобаға қатысушы бастапқы жеті әншіден Димаш, Sandy және Lion тобы жобадағы жолдарын жалғастырып келеді. Еске сала кетейік, байқаудың сегізінші кезеңінде Димаш тамағының ауырып қалғанына қарамай, қытайша «Таң атты» әнін айтып, бесінші орынды иеленді. Сегізінші кезең Қытай телеарналарынан 11 наурыз күні көрсетіледі. Ал тоғызыншы кезең - 18 наурызда.