Жаңалықтар

Бишімбаев ісі бойынша елге танылған прокурорлар қазақстандықтарды құттықтады

видеодан кадр

Танымал прокурорлар қазақстандықтарға арналған видеоқұттықтауын жарияланды

Бас прокуратура Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбековтың қазақстандықтарға арналған видеоқұттықтауын жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Құрметті соғыс ардагерлері және қазақстандықтар! Астана қаласы прокуратурасы сіздерді 9 мамыр - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды. Сіздерге бақ-береке тілейміз. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын", - деді Саяхат Нұрбеков.

Өз кезегінде прокурор Айжан Аймағанова барлық ер азаматты Отан қорғаушы күнімен құттықтады.