Бразилияда тасқыннан қаза тапқандар саны 83 адамға жетті

7 мамыр, 2024 / Анель Жарылғасын
Видеодан алынған кадр
Мыңдаған адам ас-сусыз отыр

Бразилияның оңтүстігінде тасқыннан қаза тапқандар саны 83 адамға жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

200-ден астам азамат зардап шеккен. 110 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Оларды іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 

Билік өкілдері таратқан ақпар бойынша, қазір шаһарда жарық жоқ. Мыңдаған адам ас-сусыз отыр. Толассыз жаңбырдан өзен деңгейі 5 метрге көтеріліп, жақын маңдағы елді мекендерге жайылып кеткен.

Тэгтер:

Бразилия су тасқыны