Спорт

Оныншы алтын: Қазақстандық боксшы Шұғыла Нәлібай Азия чемпионы атанды

©instagram.com/boxingkazakhstan

Оған дейін қазақстандық былғары қолғап шеберлері 9 алтын жүлде иеленген болатын.

Астанада жастар арасында бокстан өтіп жатқан жастар арасында қазақстандық боксшы Шұғыла Нәлібай Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

75 келіге дейінге салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Шұғыла финалда үндістандық Рудриканы 4:1 есебімен жеңді.

Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынына салынған оныншы алтын. Оған дейін қазақстандық былғары қолғап шеберлері 9 алтын жүлде иеленген болатын: Аяжан Сыдық (54 келіге дейін), Алексей Хаванцев (60 келіге дейін), Аяжан Ермек (57 келіге дейін), Толғанай Қасымхан (60 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (67 келіге дейін), Өнер Сейілхан (71 келіге дейін), Ұлдана Таубай (60 келіге дейін), Санжар-Али Бегалиев (75 келіге дейін) және Мадияр Бексұлтанов (80 келіге дейін).

Одан бөлек, команда қоржынында екі күміс жүлде бар.