«Оны да алмайтын едім»: Бадықова фильмінен түскен 2 млрд теңгені қайда жұмсағанын айтты
Оның айтуынша, жиналған қаражатты толығымен өз қалтасында қалмаған.
Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова тырнақалды туындысынан тапқан 2 млрд теңге табысын қайда жаратқанын «DS show» бағдарламасында айтып берді.
Еске салсақ, өнер иесінің «Таптым-ау сені» фильмі касса жағынан рекорд орнатқан болатын.
«2 млрд теңгенің тең жартысын 1 млрд теңгені «Kinopark»-қа бердім. Қалған 1 млрд теңге өзіме қалған жоқ. Пайызын «Sulpak» компаниясына бердім. Құрбыларым берген қарыздан құтылдым. Бәріне алғысымды айттым. Мен өзім шашып жүретін адаммын. Жан-жағыма бердім. Екінші киноға ақша алып қалдым. Өзіме пәтер сатып алдым. Еңбегім бар ғой. Оны да алмайтын едім. Барына базар деп жүре беретін едім. Жылжымайтын мүлік болсын деген оймен алып қойдым. Көлік алмадым. Өз көлігім бар», – деді кинопродюсер.