Жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім жұмыс істейді?

aikyn.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ел мектептерінде еңбек етіп жүрген ер педагогтар жайлы мәлімет ұсынды.

Еліміздің білім беру ұйымдарында 93 048 ер педагог еңбек етеді, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 93 048 ер педагог жұмыс істейді.

«Оның 13 867-і колледж, 76 502 -і мектептерде, 2 679 -ы мектепке дейінгі ұйымдарда», - делінген хабарламада.