Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі өтеді

Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі өтеді

Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі өтеді
ашық дереккөзі
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімі өтетін уақыты белгілі болды. RING басымылымының журналисі Майкл Вудс туиттер парақшасында қос боксшы 17 наурыз күні 09:00-де (Астана уақыты бойынша 20:00) салмақ өлшейтінін хабарлады. Рәсімнің мұндай ерте өтуі Madison Square Garden аренасының бос болмауымен байланысты болып отыр. Америкалық тілші Стив Ким 17 наурызда ирландиялық Майкл Конланның бокс кеші өтетінін мәлімдеді. Ал апта соңында студенттер арасында NCAA баскетбол лигасы өтеді. Осыған байланысты салмақ өлшеу рәсімін таңертеңге қойыпты. Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі өтерден 30 күн бұрын салмақтарын өлшеген. Ол кезде қазақстандық 165,1 фунт (74,89 кг) болса, америкалықтың салмағы 174,8 фунтты (79,29 кг) көрсеткен болатын. Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 18 наурызда өтеді. Ал, қазақстандық жанкүйерлер 19 наурыз күні таңғы сағат 8-де тамашалай алады.