Спорт

Көркем жүзуден әлем кубогі: Виктор Друзин күміс жүлде иеленді

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Отандасымыз 1 ай бұрын да Қытайдағы Әлем кубогы бойынша дәл осы сайыста қола жүлде алған еді.

Су спорты түрлерінен Парижде (Франция) өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде көркем жүзуден соло жаттығуы бойынша 17 жастағы Виктор Друзин күміс жүлде иеленді.

Алтын медаль - Густаво Санчес (Әлем чемпионы) — 204.0210 ұпай; Күміс медаль - Виктор Друзин — 163.7189ұпай; Қола медаль - Кеннез Гаудет (Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері) — 161.6187 ұпай.

Отандасымыз 1 ай бұрын да Қытайдағы Әлем кубогы бойынша дәл осы сайыста қола жүлде алған еді.

Бұдан бөлек, кеше аруларымыз топтық сайыстан еркін бағдарламада қола жүлдеге ие болды:

Алтын медаль - Жапония — 323.3207 ұпай; Күміс медаль - Канада — 297.5853 ұпай; Қола медаль - Қазақстан — 253.633 ұпай.

(Этери Какутиа, Айгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Ксения Макарова, Анна Павлетцова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы)