Су тасқыны: Елу мыңға жуық адам үйіне оралды
Республика бойынша 8767 жеке тұрғын үй мен 2994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды
Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқыны жағдайы бойынша ақпаратты жаңартты, деп хабарлады turkystan.kz.
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 16:00-дегі ақпаратқа сәйкес, республика бойынша 49819 адам өз үйлеріне оралған.
Республика бойынша 8767 жеке тұрғын үй мен 2994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 15,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген, – делінген хабарламада.