Құлсары қаласында 100-ден астам үй әлі де су ортасында тұр
Атырау облысында су басу қаупіне байланысты 7 сәуірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізілген. Бұл әлі режим әлі де сақталып отыр
Атырау облысының Құлсары қаласында 100-ден астам үй мен 10 кәсіпкерлік нысаны әлі де су ортасында тұр, деп жазады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, құтқарушылар тобы 2 815 үйден су бұрып, сору жұмыстарын жүргізген.
Өңірдегі эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар. Олардың 430-ы – балалар. Атырау облысының Құлсары қаласында екінші тәулік бойы Төтенше жағдайлар министрлігінің ақтөбелік әскери қызметшілері қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Ауру тудыратын микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің таралуын болдырмау үшін 20982 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау ротасының жиынтық құтқару тобы жұмыс істеп жүр, - делінген хабарламада.