Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды

5 мамыр, 2024 / Ақмарал Берекет
instagram/volontery_almaty_lider.kz
Қыздың нақты қайдан табылғаны және басқа да деректер әзірше айтылмады

Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды, деп жазады turkystan.kz.

LIDER.KZ еріктілерінің Instagram-дағы парақшасындағы мәлімет бойынша, Коваленко Валерия Денисовна 2009 жылы туған, 2023 жылғы 24 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 23:00 шамасында Іле ауданы Боралдай ауылы Әзербаев көшесі, 102 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.

Жоғалған адам биыл сәуір айында табылған. Қыздың нақты қайдан табылғаны және басқа да деректер әзірше айтылмады.

Тэгтер:

Алматы оқиға