Алматыда құбыр жарылып, асфальт опырылды
Жолдың асфальты опырылып, Сәтбаев көшесі екі жаққа да жабылған.
Алматыда Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында су құбыры жарылып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Масаншы – Сәтбаев – Марков – Құрманғазы көшелерінде 1988 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және өзінің нормативтік мерзімін өтеген диаметрі 500 мм құбырдың зақымдануын жою үшін ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Аталған секторда түн ортасына дейін ыстық су беруді қалпына келтіру жоспарланып жатыр», - делінген «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарламасында.