Атырауда апельсинге қақалған зейнеткер өлім аузынан аман қалды

4 мамыр, 2024 / Анель Жарылғасын
pixabay
Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Атырауда 73 жастағы зейнеткер апельсинге қақалып, тұншыға бастаған, деп хабарлады turkystan.kz сайты AtyrauPress-ке сілтеме жасап. 

Біздің бригада оқи орнына келгенде әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген кезде ол есін жоғалтты. Сөйтіп, клиникалық өлім болды, - дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.

Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Аяулым Латиева бар №26 бригаданың ұйымдасқан әрекеті нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді. Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Тэгтер:

Атырау зейнеткер апельсин өлім аузы