«Ерте сияқты»: Ерке Есмахан ұлына қатысты бірқатар сұраққа жауап берді
Өнер иесі кіші ұлы Исламға бес ай болғанын айтты.
Танымал әнші Ерке Есмахан кішкентай ұлы Ислам жайлы айтты.
Ерке Есмахан Instagram желісінде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Өнер иесі кіші ұлы Ислам бүгінде ақылды жігіт болып өсіп келе жатқанын айтты.
«Исламға бес ай. Еңбектеуге ынтасы бар. Бірақ әлі ерте сияқты. Аллаға шүкір ақылды болып өсіп келе жатыр. Нағыз жігіт. Қылықтары тәп-тәтті», - деп жазды әнші.
Сонымен қатар эстрада жұлдызы оқырманының үй қызметшісіне қатысты қойған сауалын да жауапсыз қалдырмады.
«Үй қызметшісін таптым. Таңда келіп, кешке қайтады. Бізбен бірге тұратын бала күтушіміз бар. Үшеуміз күнде отырып шай ішіп, әңгімені жібереміз. Жақсы адамдардың барына шүкір», - деп жазды ол.