Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бюджеті тексеріледі
Аудиторлық тексерудің қорытындысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылмақ.
Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» бюджетін тексереді. Бұл туралы Жоғарғы аудиторлық палатаның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Дәлірек айтсақ, палата бұл мектептің 2019-2023 жылдардағы бюджетінің тиімділігін, республика бойынша орта білім беру жүйесін дамытуға тигізген әсерін тексермек.
«Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Қазақстандағы төрт облыстың бюджеті, сондай-ақ ӘМСҚ, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерді. Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды», - деп хабарлады бүгін, 4 мамыр күні палатаның баспасөз қызметі.
Аудиторлық тексерудің қорытындысы мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылмақ.