Жаңалықтар

Кентаулық оқушының Құлсарыға көмекке жіберген қаржысы музейге қойылды

Жылыой ауданы әкімдігі

Құлсары қаласының тұрғындары Гаухар Шаймерденнің қаржысын жұмсамауды ұйғарған.

Кентаулық оқушы қыздың ақша салынған құтысы Құлсары қаласындағы музейге қойылды.

Жылыой ауданы әкімдігінің ақпаратынша, кентаулық оқушы Гаухар Шаймерденнің ақша салған құтысы гуманитарлық көмекпен бірге жеткізілген. 

«Түркістан облысындағы Кентау қаласының кішкентай тұрғыны Гаухар Шаймерден ақша жинап жүрген құтысын тасқын судан зардап шеккен Құлсарының тұрғындарына жіберді. Ол бұл құтыға 1 жыл бойы ақша жинаған. Теледидардан тасқын су басқан Ққлсары көріп, бар жинағын құлсарылықтарға жіберуге шешім қабылдаған. Бұл — кішкентай қазақстандықтардың отаншылдық сезімінің символы», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен. 

Құлсары қаласының тұрғындары Гаухар Шаймерденнің қаржысын жұмсамауды ұйғарған. Оның ақша салынған құтысы аудандық «Атамұра» музейіне қойылды.  Онымен бірге тағы бір балақай — Жігер Жамбылдың аманаты да аталған музейде сақталады.