Жаңалықтар

«Сынақ берді»: Бишімбаевтың анасы Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады

Jogargy_sot

Сотта Бишімбаевтың анасы жарыссөзге шықты.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан сотта Бишімбаевтың анасы жарыссөзге шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Мен өз құқығымды қолда отырып, осы процеске өз көзқарасымды білдіргім келді. Болған жайт үшін отбасымыздың атынан Салтанаттың туыстарынан, анасынан, әкесінен, әпкелерімнен, бөлелерінен бәрінен кешірім сұраймын.

Алла Тағала біздің отбасымыз бен Салтанаттың отбасына үлкен сынақ берді. Салтанат көз жұмды. Бұл ата-анасы, біз үшін, Қуандық үшін орны толмас қайғы. Күн сайын Салтанат үшін дұға жасаймыз, ана ретінде ұлым үшін де дұға етемін», - деді Альмира Бишімбаева.