Жаңалықтар

Павлодар облысы: Үйін су алған тұрғындар жақында қоныс тойын тойлайды

сурет: turkystan.kz

Қазір облыста қарғын судан жапа шегіп, көмек алу үшін жүгінген тұрғындардың өтініші толық орындалған, жүзден астам отбасыға 100 млн теңгеге жуық өтемақы төленіпті.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің бірі – Павлодар облысында апаттың салдарын жою бойынша қарқынды жұмыс атқарылып жатыр. Нәтижесі де жоқ емес. Мәселен, облыстағы Ақтоғай ауданына қарасты Жалаулы ауылында демеушілердің есебінен 5 үй салынып жатыр. Осылайша жақын арада үйі су астында қалған тұрғындар қоныс тойын тойламақ.

Бұл туралы ауылға барып, елдің ахуалын көріп-біліп қайтқан Павлодар облыстық мәслихаты депутатты Асылбек Туғанбайұлы баяндады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Павлодар облысы басшылығының жедел, әрі дұрыс ұйымдастыра білгенінің арқасында, қарғын судан зардап шеккен тұрғындарға барлық көмек көрсетілуде. Су тасқынынан ең көп зардап шеккен Ақтоғай ауданына қарасты Жалаулы ауылында болдық. Жақын күндері үйлері су астында қалған трғындар қоныс тойын тойламақ. Ауылда жаңадан демеушілер есебінен 5 үй салынуда, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық мәслихаты депутатты Асылбек Туғанбайұлы.

Жалпы, Павлодар облысы бойынша су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір қарғын судан жапа шегіп, көмек алу үшін өтінім білдіргендерлің өтініші толық орындалған.

Жүзден астам отбасыға 100 млн теңгеге жуық өтемақы төленіпті. Баспанасы жарамсыз деп танылған 7 отбасына үй салып беру бойынша жұмыс басталып кетті.