Жаңалықтар

Жастар жемқорлыққа қарсы

сурет: turkystan.kz

Осы аптада Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойын­­ша департаменті «Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы мобильді топ» жобасы аясында еріктілермен бірлесіп азаматтарға тегін заң көмегін көрсетті.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық қоғамның басты дертіне айналды. Бұл әлеу­меттік құбылыс мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын, нарықтық экономиканың қалыптасуын, инвестициялар тарту процесіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Сондықтан жемқорлықпен күрес тек Үкімет пен құзырлы органдардың ға­на міндеті деп қарамау керек. Жемқорлықпен күрес әр азаматтың борышы бол­ғанда ғана қоғам қауіпті дерттің алдын алады. 

Осы аптада Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойын­­ша департаменті «Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы мобильді топ» жобасы аясында еріктілермен бірлесіп азаматтарға тегін заң көмегін көрсетті. Аталмыш іс-шараның мақ­саты – азаматтық қоғаммен өзара тығыз қа­рым-қатынас орнату, тұрғындарға құқық­тық заң кеңесін беру және олардың өзекті мә­селелерін заң шеңберінде жедел шешу.  Жоба былтырдан бастап жүзеге асырыла бас­тады. Бүгінде ол республиканың барлық ай­мағын қамтып отыр. Жобаны жүзеге асыру барысында белсенді азаматтарды, қо­ғамдық бірлестіктерді жеке және ква­зи­мемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту жос­парланған. Мәселен, еріктілер Халыққа қыз­мет көрсету орталығының қызметіне мо­ниторинг жүргізеді, Астана қаласы аудан­дық әкімдіктерінің қызметін сүйемелдейді, сондай-ақ сауда орталықтары мен супер­мар­кеттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту іс-шараларын өткізуге қатысады. Бұл өз кезегінде түрлі мекемелердің қызметіндегі ашық­тықты қамтамасыз етеді.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша депар­та­­мен­тінің Превенция басқарма бастығы­ның орынбасары Уәлихан Құрамаевтың ай­туын­ша, мобильдік топтың құрамында кон­суль­тант ретінде заң консультанттары па­лата­сы­ның, ад­вокаттар алқасының, нота­риал­дық па­ла­таның, жеке сот орындаушы­лары пала­та­сы­ның және мемлекеттік орган­дар­дың өкіл­дері бар. Астана қаласы бойынша жоба аясында барлығы 209 волонтер көмек көрсетеді. 

– Заң тұрғысынан көмек алуға 30 шақты тұр­ғын келді. Байқағанымыз, тұрғындарды ден­саулық және білім беру саласына қатысты сұрақ­тар мазалайды екен. Өйткені еріктілер то­бына аталған салалар бойынша сұрақтар көп түседі. Жылдың аяғына дейін қаланың 5 ауданында халыққа құқықтық кеңес беруді жос­парлап отырмыз. Астана жастарын сыбайлас жемқорлыққа қатысты кез келген әрекетке бейжай қарамауға және еріктілер қатарына қосылуға шақырамын. Біз бірге сыбайлас жемқорлықпен күресу және адал қоғам құру үшін көп нәрсе жасай аламыз, – деді Уәлихан Құрамаев. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мо­биль­дік топ жұмысына студенттер де атсалысады. Олар өздері оқитын ЖОО ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихат­тауға бағытталған ағарту іс-шараларын өт­кізеді.   Жемқорлыққа қарсы мобильді топқа ерік­ті болғысы келетін жастардың тізімі жасақталып, алғашқы жұмыстарын істеуге мүмкіндік беріледі. Оларға қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерт­теулер және білім беру, Probono еріктілік (кәсіби көмек көрсету), корпоративтік еріктілік бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар еріктілер өздерінің мүдделеріне, жүзеге асыратын қызмет түріне қарай жеке іс-шараларды, жобаның бағыттарын таңдай алады. Ал жоба еріктілерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» заңына сәйкес қорғалады.

А.БИМЕНДИЕВА