Қоғам

Павлодар қаласында 53 жастағы ер адам жоғалып кетті

Instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

30 сәуір күні 1971 жылы туған қала тұрғыны үйден шығып, қайта оралмаған.

«VITA» еріктілер ұйымының мәліметінше, 30 сәуір күні 1971 жылы туған қала тұрғыны Владимир Госсен Лермонтов көшесінің бойындағы тұрғын үйден шығып, қайта оралмаған.

«Ерекше белгілері: бойы 175 см, көзі көгілдір, шашы қоңыр, орта денелі. Сол қолында «сапер» деп жазылған татуировкасы бар. Үстінде қара күртеше, күңгірт-сұр джинс, қара кепка, қара кроссовка болған» , – дейді жақындары.

Владимир Николаевич туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдарды мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: +7(747)615-55-63 Катерина, +7(777)334-82-01 Светлана немесе 102 қызметі.